Қызылордада «Адалдық сағаты» атты интерактивті сабағы өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы №3 ІТ мектебінде жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» интерактивті сабағы өтті.
Оқушыларға арналған дәрісті ҚР Сыбалас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ғалия Әлімқұлова және облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Шынтасов өткізді.
Аталған іс-шараға «Nur Otan» партиясының, үкіметтік емес ұйымдарының, ардагерлер алқасының және әкелер кеңесінің мүшелері, сондай-ақ басқа да қоғам белсенділері қатысты. Сондай-ақ адалдық сабағына аймақтағы 132 мектептің оқушылары бейнеконференция арқылы қосылып, жалпы 6 мыңнан аса оқушы дәріс тыңдады.
Іс-шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Сабақ барысында оқушыларды өмірде жетістікке жету үшін адал еңбек етудің маңыздылығын түсіндіріп, қоғамда ұмытылып бара жатқан тәрбиелік маңызы бар құндылықтарды сақтауға шақырды.
Сабақ барысында «Ақмешіт – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жанынан жалпы білім беретін мектептер мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 2019-2020 оқу жылы кезінде Парасаттылық мектептері құрылғаны айтылды. Сонымен қатар оның негізгі мақсаттары түсіндіріліп, алдағы уақытта мұндай сабақтар әлі де ұйымдастырылатындығы жеткізілді.