7 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар
1929 жылы Алматыда «Қызыл әскер» - қазақ тіліндегі тұңғыш әскери газет аптасына бір рет шығып тұрды.
Газет Кеңес өкіметінің қорғаныс қуатын арттыру, қазақ жастарын әскери өнерге баулу, офицерлердің әскери білімдерін кеңейту, еңбекшілердің Қызыл әскермен байланысын нығайту жолында жұмыс жүргізді. Қазақ дивизионын, атты әскер полкін жасақтау ісіне белсене атсалысты. Газеттің жұмысына І.Жансүгіров, А.Лекеров, Ә.Көшімов, т.б. белсенділер қатысып тұрды. Оның бүгінгі мұрагері - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық баспасөз органы - «Қазақстан сарбазы» басылымы.
1935 жылы ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаңалық Әбдірахманов дүниеге келді.
1943 жылы аудармашы, журналист, мәдениет қайраткері, Қазақстан
Респуликасы Журналистер Одағының лауреаты Жолбарыс Әбішұлы дүниеге келді.
2003 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы мәдениет үйіне Қонысбек Қазантаевтың есімі берілді.
2003 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Алғабас» ауылындағы №157 орта мектебі ғалым, академик, мемлекет қайраткері Беркімбай Пәрімбетовтің есімімен аталды.
2003 жылы Қызылорда қаласындағы экономика және құқық колледжіне Әбдіраш Ескендіровтің есімі берілді.
2014 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырудар енгізу туралы» ҚР конституциялық заңына қол қойды.