Мектеп оқушысы Президенттен «қажетсіз» пәндерді алып тастауды сұрап хат жазды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Алматылық мектеп оқушысы мемлекет басшысына хат жазып, балаларға демалуға уақыт беруді сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сондай-ақ, ол мектеп бағдарламасынан "қажетсіз" пәндерді алып тастауды өтінді.
Президентке хат жолдаған Ғалымжан есімді оқушы бірінші оқу тоқсанынан кейін балалар аз демалатынын айтып, каникулды 10 күнге дейін ұзартуды сұрады.
Одан бөлек, жеткіншек қиын әрі "қажетсіз" сабақтарды, атап айтқанда, "Жаратылыстану" мен "Өлкетану" пәндерін алып тастауды өтінді.
Ғалымжан бұл сабақтардың орнына мектепте балаларға арналған тегін спорт секцияларын ашу қажет деп есептейді.
Барлық талаптарын хатқа түсірген мектеп оқушысы енді президенттің жауабын асыға күтуде.
Баланың ата-анасы мемлекет басшысына хат жазу туралы шешімді Ғалымжанның өзі қабылдағанын айтады. Ал пікірін қағаз бетіне түсіруге ағасы көмектесіпті.
Нәтижесінде мектеп оқушысының жолдауы желіде пайда болды.