«УНИВЕРСИТЕТ АРУЫ-2015» БАЙҚАУЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢДЕРІ БАСТАЛДЫ
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің тәрбие жұмыстары және жастар саясаты бөлімінің, жастар ісі жөніндегі комитеттің, «Қыз жібек» қыздар клубының ұйымдастыруымен көктем мерекесі қарсаңында «Университет аруы – 2015» байқауы өткізілуде. Бұл туралы университтің баспасөз қызметі хабарлайды.
Байқау 6 ақпан мен 12 наурыз аралығында 3 кезеңді қамтиды. Факультеттер бойынша 6 ақпан күні өткізілген іріктеу сыннан 23 ару байқаудың екінші кезеңіне жолдама алған болатын. 17 ақпан күні өткен екінші кезеңде қатысушы аруларымыз өздері алып келген тағамдары мен бұйымдарын сарапшы топтың алдына ұсынып, таныстыру жұмыстарын жүргізді.
Сарапшы топтың таңдауымен ақылына көркі сай 13 ару іріктеліп, финалға жолдама алды. 12 наурыз күні Студенттер сарайында аталған байқаудың соңғы кезеңі өткізіліп, университеттің 2015 жылғы аруы анықталатын болады.