Мемлекеттік қызметші қалай киінуі қажет?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда тігілетін киімдердің сапасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізде жақсы дизайнерлер мен отандық өнім шығарушылар өте көп. Қазақстанның оңтүстігінде жұмыс істеген едім. Сол кезде сапасына таң қалдым. Ең алдымен ол жақтағы баға таңданысымды тудырды. Сол кезде бірінші костюм сатып алған едім. Бұл ертеректе болды, 25 мың теңгеге алдым. Бір мұндай баға әкім болғанымнан емес. Сол уақытта баға еді. Бірақ бұған 4 жыл уақыт өтіп кетті», - деді Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар министр гардеробында қандай киім бар екендігін айтты.
«Гардеробымда жергілікті жерде тігілген 5 костюм бар. Олар әртүрлі өндірушілерден. Шымкентте конвейерлік костюм сатып алдым. Ол жерде бірнеше кәсіпорын тігеді, бағасы әртүрлі. Барлығы матасына, астарына және тігіншіге байланысты. Қазақстанда жақсы, сапалы өнімдер тігіледі», - деді ол.
Бейбіт Атамқұлов мемлекеттік қызметшілер қалай киінуі тиістігіне қатысты пікірін білдірді.
«Менің ұстанымым мынадай - мемлекеттік қызметшілер мұнтаздай ұқыпты түрде болуы тиіс. Ерекшеленіп, көзге түсіп тұрмауы қажет. Бұл мемлекеттік қызметі еркекке де, әйелге де қатысты. Бұл енді – әдеп», - дейді министр.