Қызылордада пара беруге итермелеген мектеп директорының орынбасары сотталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары пара беруге итермелегені үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Н. Ілиясов атындағы № 9 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Н.С.Тастанбекова қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол алаяқтық жасағаны және азаматшаны техникалық персонал ретінде жұмысқа қабылдау үшін аталған мектеп-гимназия директорына 300 мың теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін күдіктелген», - делінген хабарламада.
Биылғы жылдың 4 қарашасында Тастанбекова Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.