6 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар
Осы күні саксофонды жасап шығарған Адольф Сакс дүниеге келген еді. Көптеген адам саксофонның арнайы джаз музыкасын ойнау үшін жасалғанын айтады. Саксофон — бұл адам дауысына ең жақын аспап. Саксофон үні мен адам дауысынан пайда болатын толқын өзара қатты ұқсайды. Бастапқыда саксофон тек әскери оркестрларда қолданылған. Кейін уақыт өте келе оны опералық және симфониялық оркестрге енгізе бастады. Көптеген танымал сазгер саксофонға арнап музыка жазатын болған. Мысалы, Клод Дебюсси саксофоны бар оркестрге арнап рапсодия жазған. Кейбір музыкашылар саксофонды "джаздың әміршісі" деп те атайды.
Адамдар қолынан өлген жануарларды еске алатын күн
Жануарлардың жаппай қырылуының басты себебі – адамдар әрекеті. Адам баласы өзінің мүмкіндіктері мен сана-сезімінің бар екендігіне орай жануарларға қамқор болуы керек. Осыған қарамастан жыл сайын Жер фаунасынан көптеген Қызыл кітапқа енген жануар жойылып барады. Бұл күні жануарлар терісінен киім кигенді жақсы көретіндер міндетті түрде ойлануы керек.
Тәуелсіз, жалғыз жүрген әйелдер мерекесі
Көпшілік бұл мерекені әзілге балайды. Егер сіз және өзге құрбыларыңыз сүйіктілеріңізді жолықтырып үлгермеген болсаңыздар, неге бас қосып, бұл уақытты бірге өткізбеске?! Сондай-ақ, бір-бірлеріңізге мерекенің құрметіне кішігірім сыйлық табыстауларыңызға болады. Мереке ресми емес, оны біреу ойлап тапқан.
Халықаралық қарулы қақтығыстар кезінде қоршаған ортаны сақтау күні
БҰҰ Бас Ассамблеясының 2001 жылғы 5 қарашадағы 56/4 қарары бойынша атап өтіледі. Бұл шешімді қабылдауда БҰҰ қарулы қақтығыстардың қоршаған ортаға тигізетін кері әсері ұзақ уақытқа дейін экожүйе мен табиғи ресурстарға зиянын тигізетінін негізге алды.
1906 жылы Қызылордада жазушы Айтбай Хангелдин дүниеге келді.
Ол Қызылорда облысы туған. 1926 жылы Ташкенттегі халық ағарту институтын бітіріп, Орта Азия коммунистік аспирантурасында оқыған.
1930-жылдары Өзбекстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің органы "Еңбек" газетінде мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында бөлім меңгерушісі, Қазақ радио комитетінің төрағасы, Қарсақпай аудандық партия комитетінің мәдени үгіт бөлімінің меңгерушісі, Қарсақпай аудандық "Қызыл кенші" газетінің редакторы, Казглавлиттің бастығы секілді жауапты қызметте болған.
Қарағанды облысы жаңадан құрылғанда ол Карағанды облыстық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінде нұсқаушы, 1941-1945 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитеті аппаратында қызмет атқарған. 1950-1967 жылдары Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі, бас редактор болған.
1920 жылы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушылар бөлімшесінің командирі, Кеңес одағының батыры - Нағи Ілиясов дүниеге келді.
Ол Қызылорда облысы Тереңөзек ауданының "Қызыл Коммуна" ұжымшарында туған. 1933-1936 жылдары балалар үйінде төрбиеленген. Орта Азия университетінің жұмысшы факультетінде оқыған. 1937 жылы Ташкент педучилищесінің үшінші қурсына түсіп, оны бітіргеннен кейін Жоғарғы Шыршық ауданында, ал 1941 жылдан Қызыл Армия қатарына шақырылғанға дейін (қаңтар, 1942) Тереңөзек ауданындағы Жәдігер орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған. 1942 жылдың қаңтар айында майданға аттанады. Ол Мәскеуді, Сталинградты қорғауға, Элистаны, Ростовты, Донбассты азат етуге қатысты. Қазақ халқының адал ұлы Мәскеуден Будапештке дейінгі жолды жүріп өтті, Венгрияда, Австрияда, Чехословакияда жауға қарсы соғысты. Ұрыстағы ерлігі мен батырлығы, Дунай өзенінен өту кезіндегі тапқырлығы үшін оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейінгі жылдары туған жерінде жауапты қызметтер атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту орденімен, 3 дәрежелі Даңқ орденімен, медальдарымен марапатталды. Нағи Ілиясов 1987 жылы 6 мамырда қайтыс болды. Бұрыңғы "Қазақ ССР-інің 50 жылдығы" кеңшары (Сырдария ауданы) қазір Нағи Ілиясовтың есімімен аталады.
2014 жылы Барселонада өткен балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының бірінші халықаралық «HOLO, BARSELONA!» фестиваль-байқауында «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері 3 бірдей бірінші орынды жеңіп алды. Балалар бірегей жанр, вокал және хореография бойынша байқауларға қатысты. Сайыстың барлық үш түрі бойынша олар бірінші орынға ие болды.
2016 жылы Жапонияда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ресми түрде ең әдемі деп танылған бақытгүлінің (хризантема) жаңа түрі шығарылды.