Жалағаш ауданында мал іздеуге шыққан адам адасып кетті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданына қарасты Аламесек ауылынның 46 жастағы тұрғыны мал іздеуге шығып адасып кетті. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды.
Ауыл тұрғыны қатты жел тұрып, күннің күрт суытуы салдарынан адасып кеткен. Ол 3 қараша күні сағат 15.00-де мал іздеуге шыққан. Сол кеткеннен хабарсыз қалған азаматты құтқарушылар және жергілікті тұрғындар күшімен іздеу шаралары жүргізілді. Жоғалған азамат бір күннен кейін тоғай ішінен аман-есен табылды.
Брифинг барысында Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев аймақ тұрғындарына сақ болуды ескертті.
«Бүгінгі күндері Қызылорда облысында ауа-райының суыту жағдайы байқалып отыр. Сондықтан жергілікті тұрғындардың барлық сақтық шараларына назар аударуын сұраймыз», - деді Ғабит Жаңабаев.