Қызылордада үш күннен бері 2 балықшы табылмай жатыр
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Арал теңізі аумағында балық аулауға шыққан екі балықшы үш күннен бері табылмай жатыр. Оларды іздестіру шаралары қолға алынған.
«Бүгін барлығы 30-ға тарта қайықпен теңіз аумағында іздестіру шаралары жалғасады. Биыл мұндай оқиға алғаш рет тіркеліп отыр. Былтыр осындай 5 жағдай орын алған еді», - дейді Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.
Екі балықшы Арал ауданындағы «Бақыт» шаруа қожалығында жұмыс істейді. 25 және 26 жастағы азаматтар теңіз аумағындағы №16 учаскеде өз жұмыстарын атқаруға шыққан. Ауа райының құбылып, қатты жел тұруына байланысты балықшылар жағаға қайта оралмаған.