Қармақшы ауданында соғыстың соңғы куәгері өмірден өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгін Қармақшы ауданындағы Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Қуанышбай Бисенбаев өмірден озды.
1925 жылы Жаңажол ауылында шаруа отбасында өмірге келген қарт майдангер бала кезінен бейнет көріп өсті. Әкесі Бисенбайдан еңбексүйгіштікті үйренсе, анасы Алмадан имандылықты бойына сіңіреді.
Майдангер 1943 жылы өзі секілді жерлестерімен бірге соғыс даласына аттанады. Арда азамат «Отан үшін» деп қан кешті, жан берді, тер төкті. Араға жеті жарым жыл салып елге аман-есен оралды. Ал соғыс аяқталған соң Чита қаласында шекара қызметінде болды.
1950 жылы әскерден елге келген соң теміржол саласында, кейін астық қабылдау мекемесінде ұзақ жылдар қызмет етіп, зейнет демалысына шыққан.