ЖҰМЫСҚА ҚАЙТА ОРНАЛАСТЫРУ САНАТЫНДА ҚАРАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР
Қызылорда қалалық сотына өткен жылы жұмысқа қайта орналастыру санаты бойынша 63 талап арыз түскен, оның 29-ы қанағаттандыру туралы 27 азаматтық іс бойынша қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған. Бұл туралы кеше қалалық сотта өткен брифингте қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі судьясы А.Есдаулетов мәлімдеді, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар судья А.Есдаулетов 2014-2015 жылдары осы санатта түскен азаматтық істерге тоқталып өтті. Ол өз сөзінде, 2014 жылы аталған мәселе бойынша 6 азаматтық іс қараусыз қалдырылғандығын, 1 азаматтық іс бітімгершілікпен аяқталғандығын жеткізді. Ал, үстіміздегі жылы осы санатта 5 талап арыз түсіп, сотта қаралу сатысында екендігін тілге тиек етті.
Жиын соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.