Әлеуметтік желіде ойнатылып жатқан лотореялар - заңсыз!
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік желіде қос-қостап бәйге тігіп, лоторея ойнатқыштар тегі қаптап кетті. Әсіресе, есім-сойы елге танымал әншілер бір-бірімен жарысқандай болып жатыр. Бәйгелері де көз арбайтын, көңіл аулайтындай-ақ. Көлік, үй, қомақты қаржы...
"Бес-он теңгеге билет алып, көлік ұтып ал" деп басталады, бәрінде. Бір сценарий. Бір текст. Құдды бір-бірінің мәтінін сұрап оқып жатқандай...
Көшедегі көлденең көкаттының бірі емес, есімі елге белгілі адамдардың аузынан айтылған ақпарға жұрт сенеді. Сенген соң, сатып алады. Бір-бірлеп емес, қос-қостап алады. Алмасқа кәне, әлгі әйдік әншінің әңгімесі солай істеуге - мәжбүрлейді.
Ал, әншілердің мұндай әрекетіне Заң не дейді? Біз бұл туралы сарапшылардың пікірін білген едік. Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов қазір осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрылғанын айтады.
Әлеуметтік желіде ойнатылып жатқан лотореялар - заңсыз!
«Бізден көш ілгері кетіп қалған елдер бар. Ол елдерде лоторея бизнесі - экономиканың үлкен бір саласы.
Ол ашық түрде өтуі керек. Және оның өзіндік ережесі болады. Сондықтан бізде 2016 жылы "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" Заң қабылданған. Ал, қазір біз сол Заңға өзгертулер енгізуді қарастырып жатырмыз. Мен сол комиссияның мүшесімін. Ол Заң жобасының ішінде әкімшілік жауапкершілікпен қатар басқа да көрсеткіштер бар.
Жалпы, әр адам өзінің жолы болатынынан үміттенеді. Сондықтан мұндай ұтыстарға қатысуға, лоторея ойнауға әр адамның құқығы бар. Бірақ, ол ойынның ашық, таза, шарттарының түсінікті болуы үшін бір ортақ ереже болу керек.
Ал, әлеуметтік желіде ойнатылып жатқан нәрселерді ешкім білмейді. Оны жеке адам өзі жариялап, ойнатып жатады. Бұл - заңсыз дүние. Осындай заңсыздыққа тосқауыл қою үшін де осы Заң жобасы талқыланып жатыр.
Қазір Қазақстанда лоторея ойынын ойнатуға мемлекеттік рұқсаты бар "Сәтті жұлдыз" деген операторлық компания жұмыс істейді. Бізде барлық лоторея ойыны тек сол компанияның ережесімен өту керек.
Ал, қазір заңсыз ойнатылып жатқан лотореяларға, бізде жауапкершілік қарастырылмаған. Сондықтан, қазір талқыланып жатқан Заң жобасында сол лоторея ойнатудың принциптері, лоторея ойынын заңсыз өткізгені үшін қандай жауапкершілік бар деген мәселелер қарастырылып жатыр.
Әзірге, бұл Заң нақты бекітілген жоқ. Бірақ, қазір айыппұл салу деген сияқты түрлі ұсыныстар, депутаттар енгізген түзетулер бар.
Әрине, қазіргі әлеуметтік желінің қоғамға ықпалы зор ғой. Танымал адамдар өздерінің танымалдығын пайдаланып, ұтыстар өткізіп жатады. Бірақ, олар ұтыстың ашықтығы, әділдігі деген нәрсеге жауап бере алмайды. Сондықтан, оларға ортақ бір ереже болу керек.
Тағы бір айта кетерлігі - лоторея саласында "Сәтті жұлдыз" деп бір операторды белгіледік қой. Қазір, ол оператордың істеген жұмысы көп. Мысалы, олар үш мың адамды үш мың жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Бірақ, бір мәселе - қазір ол компания Қазақстанда жалғыз болмауы керек. Ол монополия болмау керек. Ол үшін - осы саладағы әртүрлі мекемелер, дамыған елдердің инвесторлары немесе біздің елдің азаматтары, кәсіпкерлері лоторея нарығына кіреміз десе, оған да жол ашық болу керек. Сондықтан біз монополияны да ауыстырдық.
Сондықтан бұл заң лоторея нарығындағы шынайы бәсекені де қалыптастыруы керек», - ҚР Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов.

Ал, журналист Арман Сқабылұлы, әншілердің бұл әрекеті - "аңқау елге арамза молданың кері" дейді.
Абайлаңыз! "Алаяқ лоторея"!
«Ашқұрсақ халықты алдау оңай. Елдің тұрмыс-тіршілігі төмендеген сайын "аңқау елге арамза молда" да көбейе ме деймін. Қазір әлеуметтік желіде "лоторея ойнату" деген бәле қатты белең алды. "Он мың теңгеге билет алсаң автомобиль ұтасың, екі бөлмелі пәтердің кілтін ұстатамыз" деген жарнамадан көз сүрінеді. Еспанов деген әнші тіпті 20 көлікті ұтысқа қойыпты.
Жалпы құны 61 миллион теңге! Бұл не деген "батпан құйрық!" Біздің білуімізше Қазақстанда лоторея ойнатуға жалғыз ғана оператор -компанияның қақысы бар. Мемлекет соған ғана лицензия, рұқсат берген. Қалғандарынікі заңсыз. Халықты алдау. Заңды белден басу. Заңды бұзғандар онда неге жазаланбайды? Салық төлемей миллиондарды қалтаға басқандарға тиісті органдар неге көз жұмады?
Бұл сауалдардың жауабын бүгін Парламенттегі дереккөзден алдық. Алаяқтар, абайлаңыздар! Енді "Лоторея қызметі туралы заңға" толықтырулар енгізілген соң "лоторея-лохотроннан" пайда тапқыш Еспанов және сол секілділер мемлекетке 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (500 000 теңге) айыппұл төлейді. Ұтысы тәркіленеді. Оған көнбей жұртты алдауды жалғастыра берсе жазасы тіпті ауырлайды. Ал, аңқау халқыма айтарым- алаяқ-лотореядан алыстау жүрейікші! Алданып болдық қой! Бізді кім алдамады? Ендігі қалғаны "Еспановтар" еді», - журналист Арман Сқабылұлы.