Қызылорда облысында Конго-Қырым қызбасының қоздырғыштары бар 123 елді мекен анықталған
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, 2019 жылы облыс аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ болып 123 елді-мекен анықталған.
Осыған орай аймақта барлығы 488 мың мал басы залалсыздандырылған. Оның ішінде, 169 101 ірі мүйізді қара, 300 458 ұсақ малдар, 17 699 түйе, 812 шошқа бар.
Бүгінгі таңда күзгі залалсыздандыру жұмыстары Қызылорда қаласы мен облыстың барлық аудандарында толықтай аяқталған.