Еліміздің сауда орталықтарында кассирлер неге жаппай қанға боянып отыр?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгін батыстың қаңсығы болған «Хэллоуин» мерекесі.
Қазіргі таңда бұл мерекені өз елімізде де атап өтетіндер бар екені жасырын емес. Өзгенің қаңсығын, өзіне таңсық қылғандар мерекеге орай «әрленіп» алған көрінеді.
«Facebook» әлеуметтік желісінің қолданушысы ақын Төреғали Тәшенов осы мәселеге орай пост жариялады.
«Бүгінгі жын-шайтандар күнінің құрметіне мына азық-түлік дүкенінің шошақ қалпақ киген сатушылары түгел беті-қолдарын қанға бояп алыпты», делінген ақын жазбасында.
Алайда сурет қай дүкенде түсірілгені айтылмаған.