ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ТӨҢІРЕГІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында «Тұрғын үй сатып алу мәселесі» туралы жиналыс өтті. Жиынды облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков ашып берді.
Мұнан соң ҚР құрметті сәулетшісі, «Ер-Дан и К» ЖШС инвестициялық жобалардың басшысы М. Алмасбаев тұрғын үй жобасымен таныстырып, өзінің ұсынысын айтты.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы А.Талғатова «Жеке үй салушылармен банк жұмысының қағидалары» туралы мағлұмат беріп өтті. «Заем алу есептері және жалпы несиелендіру шарттары» туралы баяндамамен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары С.Тулекова мен тұтынушыларға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Д.Тасыбаев таныстырды.
Жиынның негізгі мақсаты судьялар мен сот қызметкерлеріне арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасымен таныстыру болды. Қатысушылар жиын барысында туындаған сұрақтарды ортаға салып, жауаптарын алды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі