Экология министрі ең лас қалаларды атады

Министрдің айтуынша, ең лас қалалардың тізімінде Теміртау көш бастап тұр.
"Экологиялық жағдайы нашар қалалардың тізімінде бірінші болып Теміртау тұр. Сондай-ақ, бұл тізімге Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе қалалары кірді. Теміртау, Өскемен және Қарағанды қалаларының қатты ластануына өнеркәсіптік кәсіпорындар себеп болса, Нұр-Сұлтан мен Алматының ластануына көлік және жеке секторлардың жылыту жүйесі себеп. Ал Ақтөбе мен Атырауда күкіртті сутек мәселесі шешілмей тұр", - деді министр.
Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, бұл проблемаларды шешудің жалғыз жолы жасыл технологияларға көшу, яғни қосымша фильтрлер орнату.