Жаңақорғанда түркістандық жүргізуші қаққан жаяу жүргінші көз жұмды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданының орталығында жеңіл көлік иесі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқыс оқиғадан соң жаяу жүргінші ауруханада көз жұмды.
Көлік жүргізушісі – түркістандық азамат. Ол өзі басқарып отырған «Opel Vektra» көлігімен жаяу жүргіншілер жолағы жоқ жерден өтпекші болған адамды қағып кетті.
«Алған жарақат салдарынан жаяу жүргінші медициналық мекемеде қайтыс болды. Автокөлік жүргізушісі оқиға орнында анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда адамның өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.