Әлемдегі ең кәрі қазақ әйелі қайтыс болды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Астрахан облысы Алча ауылында тұратын ең ұзақ өмір сүрген, этникалық қазақ 125 жастағы Танзиля Бисембеева қайтыс болды. Ол өзінің туған ауылына жерленді. Бұл туралы «Российская газета» басылымы жазды. Басылымның мәліметінше, Танзиля Бисембеева 2016 жылдан бастап ресми түрде ғаламшардың ең қарт тұрғыны атанған.
«Ол еш қиналмай өмірден озды. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға кенттің барлық тұрғындары келді», - деп хабарлады Краснояр аудандық «РГ» басшысы Нұрғали Байтеміров.
Екі ғасыр бұрын дүниеге келген, яғни, 1896 жылы дүниеге келген Тәнзилә Насиханқызы Бисембеева бірқатар тарихи оқиғалардың куәгері болған: револицияны, Екінші дүниежүзілік соғысты, СССР-дың құлағанын көрді. Ол отбасындағы сегіз баланың тұңғышы еді. Тәнзилә Бисембееваның 3 ұлы, 10 немересі, 25 шөбересі және екі шөпшегі бар.
Этникалық қазақ Тәнзилә әжей жарты жылдан кейін 125 жасқа толушы еді.
Ал Гиннесс рекордтар кітабының нұсқасы бойынша, бүгінде әлемдегі ең кәрі адам - Канэ Танака, ол 116 жаста.