Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Таңертеңгі уақытыңыз қарбалас, жұмыс көп болады. Дегенмен күніңіз сәтті басталмақ. Кейбір жоспарларыңызды өзгертіп, кейбірінен тіпті бас тартуыңызда мүмкін.
Торпақ
Күніңіз сәтті өтеді. Қызықты іспен айналысып, өміріңізді жаңа бағытқа бұруға талпынасыз. Ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Ол қай бағытта таңдап, нені дұрыс жасау керектігін біледі.
Егіздер
Ұсақ-түйекке бола жүйкеңізді жұқартып, болмашыға бола ұрсысып қалуыңыз мүмкін. Отбасының тыныштығын сақтау өз қолыңызда.
Шаян
Материалдық жағдайыңыз жақсара түседі. Кешке қарай бақытты сәттерді басыңыздан өткересіз. Бағыңызды бағалай біліңіз.
Арыстан
Түске дейінгі уақытыңыз сәтті болады. Барлық шаруа сіз ойлағандай жүзеге асып, жоспар бойынша жүресіз. Шығармашылық ізденістеріңізді кейінге қалдыруға боламайды.
Бикеш
Бүгінгі күн жағымды жаңалықтарымен қуантатын болады. Өзіңіздің дұрыс бағытта келе жатқаныңызды білесіз. Өзіңізге деген сенімділігіңіз күш-жігеріңізді арттырып, жұмысқа білек сыбана кірісесіз.
Таразы
Көңіл-күйіңіз құбылмалы. Бүгін қаржы мәселесіне қатысты құжаттарға қол қоюды кейінге қалдырғаныңыз жөн. Өзіңізге көп салмақ салмаңыз.
Сарышаян
Бүгін өз жауапкершілігіңізге маңызды істерді алмағаныңыз жөн. Өйткені өзгелердің әңгімесіне алаңдап немесе жоспарланбаған сапарға шығуыңыз мүмкін.
Мерген
Күніңіз сәтті басталады. Таңертеңгілік уақытыңыз қызықты, әрі жемісті болмақ. Жұмысқа қатысты келіссөздер жүргізіп, қызықты ұсыныстар алатын боласыз. Түстен кейін ойламаған жерден жолға шығасыз.
Тауешкі
Қиын тапсырмаларды кейінге қалдырғыңыз келеді. Сол үшін жоспарларыңызды да кейінге қалдыратын боласыз. Дәл қазіргі сәтті енжарлық танытпаңыз, әйтпесе мүмкіндіктерді жіберіп аласыз.
Суқұйғыш
Бүгін отбасыңыздағы атмосфераны өзгерте аласыз. Егер баспана сәселесі қинап жүрген болса, оны да біржақты етесіз. Тек өзіңізге сеніңіз.
Балықтар
Бүгін өз киім сөреңізді жаңалағыңыз келеді. Сонымен қатар өзіңіздің сырт келбетіңізге көп көңіл бөле бастайсыз.