Қазалыда қаза болған құрылысшылар еңбек шартымен жұмыс істеген
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде орын алған оқыс оқиғаға байланысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық еңбек саласын бақылау басқармасының басшысы Ертілеу Жалғасбаев мәлімдеме жасады.
«Қайтыс болған екі құрылысшы да Қазалы ауданының тұрғындары. "ҚазҚұрылыс Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек шартымен жұмыс істеген. Облыстық еңбек инспекциясы тарапынан орын алған жағдайды арнайы тергеп-тексеру мақсатында комиссия құрылып, еңбек қауіпсіздігіннің ережесін тексеру шараларын бастап кетті»,- деді Ертілеу Жалғасбаев.
Сонымен қатар, құрылыстың нысаны 2006 жылы тіркелген. 2018 жылдың 3 шілдесінен бастап, Әйтеке би кентінде 3076 шаршы метр мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.