Бананды кімдерге жеуге болмайды?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Құрамында витамин көп банан өте пайдалы болғанымен, кейбір адамдарға оны жеуге болмайды. Әрі бұл жемісті кішкентай балаларға бермеген жөн.
Банан – құрамында витаминдер көп өте пайдалы жеміс, дегенмен кейбір адамдарға банан жеуге болмайды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
Ресейлік дәрігер Григорий Коневтің айтуынша, бананның құрамында қант көп, сондықтан бұл жемісті диабетпен ауыратындарға жеуге болмайды. Сондай-ақ тромбофлебитке шалдыққан және қаны қоюлануға бейім адамдарға бананнан бас тартқан жөн.
Бұдан бөлек, бұл жемісті екі-үш жасқа дейін балаларға бермеген дұрыс.
"Осы жастағы балалар банан жесе, іші кеуіп, өтуі мүмкін. Бұған қоса, бананның құрамында К витамині көп, ал оның ағзада көп болуынан эритроциттер бұзылып, бала сары ауруға шалдығуы ықтимал", - деп түсіндірді маман.
Дәрігердің сөзіне қарағанда, бананды дұрыс тасымалдап, сақтамаған жағдайда ол адам денсаулығына зиянды болады. Бұдан бөлек, жемісті ұзақ уақыт сақтау үшін оны консерванттармен өңдейді.