Байқоңырдың бір бөлігі Қазақстанға қайтарылады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан мен Ресей Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құруға келісімге келді. Осыған сәйкес ғарыш айлағының бір бөлігі арендадан шығарып, Қазақстанға беріледі, деп хабарлайды Baq.kz.
Бүгін ҚР Парламенті мәжілісі «2004 жылғы 22 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша жұмысты бастап кетті.
«Хаттама ережелеріне сәйкес, ресейлік тарап қаржыландыру мен зымыран тасымалдағышты құруды қамтамасыз етеді. Бұл ретте Қазақстан «Байқоңыр» ғарыш айлағының қолданыстағы жер үстіндегі ғарыш инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыруды іске асыруға тиіс. Хаттама «Зенит-М» нысандарын арендадан шығаруды және оларды қазақстандық тарапқа өткізуді, орта санаттағы зымыран тасымалдағышқа көшуді, одан бөлек ұшыру сынақтарын 2022 жылы бастауды қарастырады», - дейді мәжілістің экология мәселелері және табиғит пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский палатаның жалпы отырысында.
Ол заң жобасын қабылдау теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарларды білдірмейді деп сендірді.
«Бәйтерек» зымыран кешені экологиялық таза зымырандарды ұшыруға арналған. Егер ол іске асырылса, онда улы отын компоненттері бар «Протон» ұшыратын көлік құралдарынан бас тартуға болады. Жобаның ең басында Ангара зымырандарын ұшыру жоспарланған болатын. Алайда кейінірек украиналық «Зенит» зымырандарын қолдану туралы шешім қабылданды.
Айтпақшы, бұдан былай «Бәйтерек» ұшыру кешені «Назарбаев Старт» деп аталатын болады.
Комитет заң жобасы бойынша қорытындыны 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін әзірлемек.