Қызылордада МӘМС жүйесін іске асыру жоғары деңгейде
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске асыру дайындығы жоғары деңгейде. Бұл туралы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске асыру дайындығы сұрақтары бойынша өткізілген жиналыста "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның төрағасы Айбатыр Жұмағұлов атап көрсетті.
Жиналыста еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның төрағасы Айбатыр Жұмагулов, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Искаков және МӘМС туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша аумақтық штабтың мүшелері қатысты.
Сонымен қатар, медициналық сақтандыру Қорының төрағасы облыстық көпбейінді аурухананың және Қор филиалының жұмысымен танысты.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылады. Президенттің жолдауында атап көрсетілгендей, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі сақталады. 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске асырумен бірге елдің денсаулық сақтау саласының бюджеті 1 триллион 600 млрд теңгені құрайтын болады», деп хабарлады "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.
Облысымыздың денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды 1,4 есе, яғни 61,8 млрд.теңгеге дейін жоғарылату жоспарлануда.
Аумақта мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халықты 73 медициналық мекеме қызмет көрсетіп жатыр, оның 43-і – жеке болып табылады. Олардың саны жылдан жылға артуда. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде қызмет көрсетуге дайындығын білдірген жеке медициналық мекемелердің саны бойынша біздің аумақ көшбасшылардың қатарында тұр.
Қор төрағасының айтуынша, ел бойынша халықты МӘМС жүйесімен қамтамасыз ету деңгейін 95 % дейін көтеру болжамдалып отыр. Бұл көрсеткіш Қызылорда облысында 83 % құрап отыр (МӘМС жүйесін іске асырудың ұсынылған деңгейі - 80 % кем емес). Қазіргі таңда 26 мыңға жуық халықтың санатын анықтау бағытындағы жұмыстар жалғастырылуда.
"МӘМС жүйесіне кіру механизмі халық үшін барынша ыңғайлы болу керек. Азамат сақтандырылмаған жағдайда, ол медициналық мекемеге жүгінген кезде 15-30 минут уақыт аралығында МӘМС үшін қарызын төлеп, тегін медициналық көмектің кепілдендіріген көлемінен басқа, медициналық көмекті алуына мүмкіндігі болу керек. МӘМС жүйесін іске асыруы медициналық қызметтердің көлемін арттырып, материалды-техникалық база жақсартады, ауруханаға жатқызу кезегін азайтып, медициналық қызметтердің тарифтерін және медицина қызметкерлерінің жалақысын арттырады. Бұл тапсырмаларды келесі жылдың басында орындаймыз", - деді А.Жұмағұлов.