Жаңбыр, тұман, көктайғақ: 30 қазан күнгі ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 30 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде жаңбыр жауады, оңтүстіктегі таулы аудандарда нөсерлі жаңбыр болжанады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.