30 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар
1992 жылы Қазақстанда Түркияның мәдени күндері өтті.
1993 жылы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия астанасы түркітілдес елдердің мемлекет және үкімет басшыларының кеңесіне қатысу үшін Анкараға барды. Кеңеске Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан басшылары қатысты.
2002 жылы Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті құрылды.
2006 жылы «Атлас ключевых видов: высшие растения и позвоночные животные» атласы БҰҰДБ демеушілігімен «Маңызды су-батпақты жерлерді бір жерден екінші жерге көшіп қонатын құстардың жайлану орны ретінде кешенді сақтау» ғаламдық экологиялық қорының жобасы аясында басылып шықты. Атласқа Қызыл кітапқа енгізілген өте сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар: балықтардың - 9 түрі, құстардың - 54 түрі, аңдардың - 18 түрі енгізілген.
2006 жылы Нұр-Сұлтанда «Digital Kazakhstan» («Цифровой Казахстан») журналының бірінші саны жарық көрді. Оқырмандар назарына Қазақстандағы және әлемдегі ақпараттық-коммуникациялық байланыс пен технологиялар даму барысы туралы жаңалықтар ұсынылған.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде қазақстандық әскерилерге арналған әскери киімнің жаңа үлгісінің таныстырылымы өтті. Әскери киімнің жазғы, қысқы үлгілері жоғары сапалы «рип стоп» матасынан тігілген.
2018 жылы Қызылорда облысы Қзалы ауданындағы ескерткіштерге QR штрих-код тақтайшалары орнатылды