Қаза тапқан қызылордалық қорықшы «Айбын» орденімен марапатталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әділ Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Әділ Шарапатдинұлы Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)», делінген Жарлық мәтінінде.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, Әділ Кенжеғұлов ағымдағы жылдың 25 қазан күні түнде Қызылорда облысының Жалағаш ауданында қаза болды. Браконьердің ізіне түскен инспектордың көлігі аударылып кеткен болатын.