Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 29 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын болады.
Кей жерлерде жел күшейеді, тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, кей жерлерде Павлодар, түнде кей жерлерде Қостанай облыстарында жел 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақмола облысында түнде жел 15-20, кей жерлерде желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.
Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-25 м/с күшейеді.
Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Қостанай түнде Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.