Қызылордада «ÓNEGE» жобасы аясында форум өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылордада «Өнеге» жобасы аясында форум өтті.
«ÓNEGE» жобасы - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның CISC мемлекеттік грантының аясында «Отбасылық академия» отбасыны кешенді қолдау орталығы» қоғамдық қоры бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылады.
Аталған ауқымды шараға Үкіметтік емес ұйымдар, Қызылорда облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдері, психологтар, әлеметтік сала мамандары, облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері мен «Nur Otan» партиясына қарасты балалар құқықтарын қорғау комиссиясының мүшелері қатысты.
Форумның басты мақсаты – жергілікті билік органдарымен және облыс жұртшылығымен бірлесіп, тұрмысы қиын отбасылар мен ондағы балаларға әлеуметік қызмет көрсету және оны дамыту. Сонымен қатар аймақ тұрғындарына отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана міндетін түсіндіру. Отбасында зорлық-зомбылыққа, мектептерде балаларға қоқан-лоққы көрсетуге және буллингке жол бермеу, мәдениет орта қалыптастыру. Сондай-ақ ажырасуды болдырмау, отбасын қолдау саласында жұмыс істейтін мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру мүмкіндігі туралы қоғамдық талқылау алаңын құру болып табылады.
Форумда отбасын қолдау және балаларды қорғау, қиын жағдайда қалған, отбасында зорлық-зомбылық көрген жандармен жұмыс жасау бағдарламалары жайында сөз қозғалды.