29 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар
Бүгін халықаралық мереке – инсультпен күрес күні атап өтіледі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2004 жылы инсультті мүгедектік пен адам өлімінің басты себептерінің бірі және жаһандық эпидемиянің ретінде анықтады. Қазіргі уақытта адам өлімінің жартысынан астамы түрлі қан тамырлары ауруынан болады және осы аурулардың 20%-дан астамына адам еңбекке қабілетті жасында шалдығады. Бұл дертпен ауырған адамдардың 30%-ға жуығы көмекке зәру. Ежелден дұрыс тамақтану инсульттің басты алдын алу жолы болып саналады. Бүгінде бұл мәселені шешуде ақпараттық-профилактикалық іс-шаралардың да маңызы арта түсті.
Бүгін кей адамдар комсомол күнін еске алып, атап өтеді
Бұл күні 1918 жылы бірінші бүкілресейлік жұмысшы және шаруа жастарының съезінде Ресей коммунистік жастар одағы құрылды. 1926 жылы ол бүкілодақтық ұйымға айналды.
1918 жылы Бүкілодақтық Лениндік Коммунистік Жастар одағы құрылды.
1919 жылы 5-ші Қызыл Армияның бөлімі "Петропавл операциясын" жүргізді, нәтижесінде Петропавл қаласы Колчак әскерінен азат етілді.
1949 жылы Өскемен қаласында Үлбі металлургия зауыты құрылды.
2015 жылы Ақтөбеде құлағы нашар еститін адамдар үшін Қазақстандағы алғашқы видеодиспетчерлік қызмет іске қосылды.
2018 жылы Қызылордада "Қыз-келіншектердің қоғамдағы ролі" тақырыбында республикалық форум өтті.
2018 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жаңа қорғасын-мырыш тау-кен байыту комбинатының (КБК) құрылысы басталды.