Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 29 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Жаңа бастамаларды қолға алуға қолайлы күн. Айналаңыздағы адамдармен тіл табысып ғана қоймай, олармен тығыз қарым-қатынаста боласыз. Осыдан кейін досқа бай екеніңізді ұғасыз.
Торпақ
Ашыға берілмеңіз. Денсаулығыңыз сыр берсе де, ұстамды болыңыз. Өз-өзіңізді күтіңіз. Бүгінгі күніңізді отбасыңызбен бірге өткізіңіз.
Егіздер
Бүгін мақсатыңызға жетуге өте қолайлы күн. Сонымен қатар достарыңызбен, отбасыңызбен жаңа іс бастап, жүзеге асыруға болады. бастаған істі соңына дейін жеткізуге тырысыңыз.
Шаян
Бүгін алынбас қамалдай өз-өзіңізге өте беріксіз. Сізге арқа сүйейтін жандар бар. Өзіңізді өте байсалды ұстап, жабырқаған жанға жылы сөздеріңізбен дем бересіз. Жақындарыңыздың сенімін ақтайсыз.
Арыстан
Бүгін маңызды мәселелердің шешімін табуға тырысасыз. Сонымен қатар қоғамда орын алып жатқан жағдайларға мойынсұнасыз. Не болмаса бұл жағдайларға басқа қырынан қарауға тырысасыз.
Бикеш
Махаббатқа толы күн. Сүйікті адамыңызбен түрлі ой қозғап, алдағы күндерге жоспар құрасыздар. Мәселен, шаңырақ құруды жоспарлап, туғандарыңызға тосынсый жасауыңыз да ғажап емес.
Таразы
Бүгін жалғыз өзіңіз серуендеңіз. Бұл айналаңыздағы жандардың жағымсыз энергиясынан қорғануға көмектеседі. Әйтпесе, өзіңізге қолдау қажет етіп, көмекке зәру болуыңыз мүмкін.
Сарышаян
Егер қызметте өрлеуді қаласаңыз, көп армандаңыз, көп еңбектеніңіз. Алдыңызға мақсат қойыңыз. Мұның өзі аздық етуі мүмкін. Тәуекелшіл болыңыз. Ешкім сізге оңайлықпен орнын бермейтінін біліңіз.
Мерген
Күндіз аздаған келіспеушіліктер орын алады. Өзіңізді ұстамды етіп көрсетіңіз. Ашуға берілмей, ісіңізге тиянақты болыңыз. Қарсыласыңыздың осал емес екенін біліңіз.
Тауешкі
Бүгін жалқаулығыңыз басым. Оған себеп, ойыңыз сан-саққа кетіп, тұрмыстық мәселермен миыңыз «қатады». Тек жұмысты ғана ойыңызға алмайсыз. Ең бастысы бүгін ешкімге уәде бермеңіз және сөз таластырмаңыз.
Суқұйғыш
Махаббаттық қарым-қатынаста тосынсыйға ие боласыз. Сондықтан кешкі мезгілге жоспар құрмаңыз. Себебі романтикалық кешке шақырту алуыңыз мүмкін.
Балықтар
Бүгін жолыңыздың болуы немесе болмауы тек өзіңізге байланысты. Егер көптен бері басшылықпен қарым-қатынасты жақсартуды көздесеңіз, бүгінгі күн сәтті болмақ. Жоспарыңызды жүзеге асырыңыз.