Қызылордада жастардың өз құқықтарын қорғау мәселелері сөз болды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Жасөспірімдер мен жастардың сақтаушы және зорлық-зомбылықсыз санасының құқықтық және денсаулығын арттыру, оларды репродуктивті денсаулықты сақтаудың маңыздылығы, қауіпсіз жүріс-тұрыс, ерте некелер мен қауіпті мінез-құлықтың қауіп-қатері туралы ақпараттық-ағартушылық кампанияларға тарту» пікірталас алаңы өткізілді.
Шара облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы Шығармашылық бастама жөніндегі әйелдер лигасымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Қазақстанда жыл сайын суицид, жасөспірімдер жүктілігі, көшелердегі тасталған сәбилер, балалар мен әйелдерге қарсы бағытталған жыныстық және физикалық зорлық-зомбылық жағдайлары тіркеледі.
Осы мәселеге орай, жиын кезінде жастар мен жасөспірімдердің пікірлері тыңдалып, мамандар кең ауқымда ақпараттар берді. Яғни шара өзгеше форматта ұйымдастырылып, спикерлер мен жастар маңызды тақырыпты бірге талқылады.
Сонымен қатар жыныстық және гендерлік ағарту мәселесі шеңберінде жастар қауіпсіз жыныстық мінез-құлық дағдыларын қалыптастырса, өз құқықтары мен шекараларын қорғауды үйренетіндігі айтылды.
Бұл бағытта жұмыс істеу үшін жастар мен жасөспірімдердің пікірін қалыптастыратын жастар мен адамдарды тарту қажет.
Пікірталас іс-шарасына жастар денсаулығын сақтау орталығының салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің басшысы, валеолог А.Алдабергенова, «Bilim Foundation» қоғамдық қорының психологтары, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы С.Абдрахманова, облыс көлеміндегі мектептер мен колледж жасөспірімдері, психологтар қатысты.