Ішкі істер министрлігінде 1500-ге тарта басшылық лауазым қысқартылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ішкі істер министрлігінде 1500-ге тарта басшылық лауазым штаты қысқартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ішкі істер минситрлігіндегі реформаның бірінші бағыты – осы уақытқа дейін айтылғандай штаттық санды оңтайландыру. Біз мың жарымға тарта басшылық лауазым штатын қысқарттық. Штат санын 11 пайызға азайттық. Алайда қысқартуға түскен адамдардың барлығы жұмыссыз қалған жоқ. Олар бәрі қызметтерін жалғастырып жатыр», - деді Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында.
Вице-министрдің айтуынша, штатты қысқартудан түскен ақша басқа құқық қорғаушылардың айлығын көтеруге жұмсалған.
«Құқық қорғаушылардың айлығы 20-65 пайыз аралығында өсті. Сонымен бірге, құқық қорғаушыларды оқытып шығаратын 12 Жоғары оқу орнының үздік деген бесеуін қалдырдық. Полиция қызметкерлері бұдан былай тек ЖОО-ларда ғана дайындалады», - деді ол.