Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы нақты қаншаға өсетіні белгілі болды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы айтты.
«Өздеріңіз білетіндей, Президент Жолдауында мәдени сала қызметкерлерінің жалақысын өсіру мәселесін көтерді. Бұл ретте ең алдымен кітапхана, театр, музей қызметкерлерінің айлығы жоғарлайды. Нақтылай түссек, бүгінгі күнде мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын 50% көтеретіндей жұмыстар жасалуда», - деді министр.
Ақтоты Райымқұлова бұл шешім еліміздің руханиятына деген ерекше қолдау және мәдениет саласы қызметкерлеріне артылған үлкен жауапкершілік деп түсінетінін жеткізді.