Тоқаев мал ұрлығына қатаң жаза қолданатынын айтты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Енді мас күйде көлік жүргізген және мал ұрлаған адамдарға жаза түрі қатаңдайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет» делінген хабарламада.