Қасым-Жомарт Тоқаев киікті қырған қаскөйлерді қатаң жазаға тартуды тапсырды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарын киікті заңсыз қырған қаскөйлердің әрекетіне тоқтау салуға шақырды. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.
«Браконьерлер табиғат байлығы - киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек» деп жазды ҚР Президенті.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытайға киік мүйізін контрабандалық жолмен тасымалдаған қылмыстық топты ұстады. Қылмыстық топ 1 тонна 118 кг (3 мыңнан астам жануар) киік мүйізін шекара асырмақшы болған.