СУДЬЯ БІР АЙ ІШІНДЕ ІСТІ ҚАРАП, АЯҚТАУЫ КЕРЕК
Жеңілдетілген іс жүргізу өндірісімен қарау туралы арыз түскеннен кейін судья 5 күн ішінде қабылдап, бір айлық мерзім ішінде істі қарап аяқтауға тиіс. Бұл туралы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер бойынша өткен брифингте сөз болды.
Брифингті осы соттың судьясы М.Сарсенов жүргізіп, онда жеңілдетілген іс жүргізу тәртібіндегі істерді арыз іс жүргізуге қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде жеке-дара қарайтындығын және жеңілдетілген іс жүргізу тәртібіндегі істерді қарау мерзімі ұзартылуға жатпайтындығын жеткізді. Сондай-ақ жеңілдетілген іс жүргізу өндірісіндегі қаралатын істер бойынша, жеке тұлғаларға 100 айлық есеп көрсеткіш, ал заңды тұлғаларға 500 айлық есеп көрсеткіштен аспайтын талап қойылса немесе іс материалдарында қажетті барлық дәлелдемелері бар болған жағдайда жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін екендігін атап өтті, делінген экономикалық соттың хабарламасында.