ДІН - ТӘРБИЕ БАСТАУЫ
Қызылорда облысының дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасына қарасты студенттермен кездесті. Бұл туралы үниверситеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға кері әсері» тақырыбында дәріс оқыған Қ.Мырзабеков ислам дінін басқаша уағыздайтындардың көптігі, олар санамызды улап, туған ата-анамыздан бас тартқызып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді жоққа шығаратындығына тоқталды. Б.Оспанов қазақы салт-дәстүрімізді дінмен байланыстырып, жастар бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ата-анаға деген құрмет мәселелері туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандармен пікір алмасты.