Дәрігерлер «Ем үшін» деп ақша жинайтын алаяқтар пайда болғанын айтып, дабыл қағуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік желілерде баланың немесе ересек адамдардың ем-домына қолдау көрсетіп, қаражат жинауға қол ұшын созыңыздар деген іспеттес хабарландырулар көптеп кездесетін болды. Жиналған қаржыға есеп беріп жатқандары ілуде біреу. Халықтың сеніміне кіріп, көмектесеміз деген желеумен өз қалтасын ойлайтындар бар деп дәрігерлер де дабыл қағуда, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Әлеуметтік желілерде біздің орталығымызда ем алу үшін деп қаражат жинап жатқан нашар пиғылды адамдар пайда болды. Қазақстан Республикасының азаматтарына (ересектер мен балаларға бірдей) ем алуы, ота жасалуы қажетті көрсеткіштер болған жағдайда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің аясында, яғни пациент үшін тегін қызмет көрсетінін хабарлаймыз. Мұқият болыңыздар!», – деп жазады «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ.