Ұялы телефондардың ең қауіпті үлгілер анықталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. АҚШ-тың байланыс жөніндегі федеральдық агенттігінің мамандары әлемдегі ең қауіпті смартфондардың рейтінгін жасады. Ол тізімге 18 ұялы телефон үлгілері кірді, деп жазады Stan.kz.
Айта кетейік, ұялы телефондардың пайдаланушыға келтірген зияны SAR-сәуле шығару индексінің күші бойынша өлшенді.
Сарапшылар Google Pixel 3 XL смартфонының электромагниттік сәулеленудің ең көп мөлшерін шығаратынын анықтады. Яғни, бұл телефон ең жоғарғы көрсеткіш бойынша 1 келі үшін 1,55 ватт және бас пен дене үшін 1,35 ватт электромагниттік сәуле шығарады.
Рейтингтегі екінші орынды сол телефонның қысқартылған моделі – Google Pixel 3 смартфоны алды. Оның көрсеткіші – 1 келіге 1,34 ватты құрайды. Ал үшінші орында- OnePlus смартфоны тұр.
Сондай-ақ, қара тізімге XS, Samsung Galaxy Note 9, Samsung Galaxy S9, S9 Plus және iPhone XS Max, Apple iPhone XR, Apple iPhone XS смартфондары кірді.
Сонымен қатар, LG V40, LG G7, OnePlus 6T, OnePlus 6, Xiaomi Pocophone F1, Sony Xperia XZ3 телефон үлгілері де ең қауіпті смартфондардың тізіміне енді.