Ұл баланың тууы шын мәнінде кімге байланысты екені анықталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Көптеген нәзікжандылар дүниге қыз бала әкеліп, ұл балаға жүкті болмағанына қынжылады. Оған "Келін ұл тумады" деп сөгетін енелер мен "Ізбасарым жоқ деп бетке басатын" күйеу негіз болады. Ұл баланың тууы шын мәнінде кімге байланысты? Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сайты жазды.
Ол ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың жынысына тікелей әсер етеді деген ғылыммен дәлелденбеген теория бар.
Отбасында негізгі рөлді ер адам атқарса - демек, дүниеге ұл бала келеді, ал әйел атқарса, қыз бала туады деген қағиданы мысалға келтіруге болады.
Белгілі болғандай, сперматозоидтардың 2 түрлі хромосомасы бар: X-әйелдер және Y-ерлер. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында ұлдардың тууына жауап беретін сперматозоидтар бойынша зерттеу жүргізілді, оған сәйкес олардың қозғалмалы екенін, алайда тек 48 сағат қана өмір сүретіні анықталды. "Қыздар" сперматозоидтар баяу, бірақ ананың денесінде 5 тәулікке дейін болуы мүмкін.
Ал ерлі-зайыптыларда қыз не ұлдың дүниеге келуі тікелей ер адамға байланысты. Нақтырақ айтқанда оның сперматозоидтарына қатысты. Оларда болашақ баланың жынысы туралы ақпарат бар.