Енді мекенжай анықтамасын талап еткендер жазаға тартылады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Үкіметінің биылғы жылдың қыркүйек айындағы Қаулысы бойынша енді мекенжай анықтамасы қолданыстан алынатындығы айтылған болатын.
Қаулы биылғы жылдың қараша айынан бастап жүзеге асатын болады. Осыған сәйкес, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті хабарландыру жариялайды.
«Сәйкесінше, барлық мемлекеттік органдар, балабақшалар, мектептер, ауруханалар, коммуналдық қызмет көрсетушілер, елшіліктер мен квазимемлекеттік және жеке сектордағы мекемелер, екінші деңгейлі банктер мен микрокредиттік ұйымдар және басқа да мекемелер – ешбір жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын талап етпеуге тиіс» делінген хабарландыруда.
Талап еткен жағдайда тұрғындар аталған департаменттің 8 (7242) 70-56-36 телефонына хабарласуға болады.