Тұман, көктайғақ, жел – 25 қазанға арналған ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің болжауынша, жұма күні елімізде жауын-шашын түседі, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Алматы облысында түнде Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
«25 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын түседі, еліміздің оңтүстік бөлігінде антициклон әсерінен күн райы ашық болады. Кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түсуі мүмкін, солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ күтіледі», делінген хабарламада.
Ақмола, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанда, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.Ақмола, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Алматы облысында түнде Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.