Қызылордада балаларға арналған аутизм мен сөйлеуді түзету орталығы ашылады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ертең, яғни, 25 қазан күні сағат 12.00-де Қызылорда қаласында (Ғ. Мұратбаев көшесі №15 үй) аутизм мен сөйлеуді түзету балалар орталығының ашылуы өтеді. Орталықта психикалық-сөйлеу дамуы тежелген, менталдық бұзылулары бар және аутизм белгілері бар балалар сапалы көмек ала алады.
Бұл орталықта логопедтер, дефектологтар, емдік дене шынықтыру мамандары, АВА-терапевттер білім беру процесін жүргізетін болады. Сала мамандар назар аударуды, ойлауды, сөйлеуді дамытуға және балаларды табысты әлеуметтендіру үшін басқа да дағдыларға үйрететін болады.
Сабақ өту үшін оқу кабинеттері дайындалған. Онда дамыту ойындары, кітаптар, спорттық құрал-жабдықтар бар.
«Аутизм мен сөйлеуді түзету» дамыту орталығының ашылуы «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры жүзеге асырып жатқан «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жобасының арқасында мүмкін болды.
Ағымдағы жылдың тамыз айында «Розалия және Эмир» ЖҚ осы жобаның грант иегері атанды. Бұл қажетті жиһаз, жабдықтар, дидактикалық материалдарды сатып алуға мүмкіндік берді.
Даму орталығының ашылуына Қызылорда облысының білім басқармасы мен ПМПК, «Мейірімді жүрек» аутистер Ассоциациясының, «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, облыстық КЕҰ өкілдері, сондай-ақ, балалар мен ата-аналар қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, шараға қатысамын деушілер мына нөмір бойынша тіркелед алады. Рахимова Розалия – + 7 777 336 05 60.