Қызылордадағы 3 туристік нысан республикалық картаға енді
oldkaz.kyzylorda-news.kz Республикалық туристендіру картасына Қызылордадан 3 туристік нысан енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов мәлімдеді.
«Туристендіру картасына «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы кіреді. Атап айтқанда, «Қамыстыбас» демалыс аймағына 90-нан аса нысан салынды. Сондай-ақ, құрылыс кезінде үш жүз елу жұмыс орны ашылып, жүз елу адам маусымдық жұмыспен қамтылды. Ал, «Жаңақорған» шипажайы 88 орындыққа шақталған. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Мұнан өзге «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы туристендіру картасының ТОП-10 нысанына енді»,- деді Мұрат Имандосов.
Айта кету керек, «Қызылорда облысы бойынша туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік реестрі» бекітілген. Аталған реестр аясында Арал теңізінің экологиялық-табиғи зоналарымен, Барсакелмес қорығымен танысу, Қамыстыбас көлінің туристік базасын тамашалау маршруттары қамтылған.