Қызылордада Күйіккескен қалашығын зерттеу жұмыстары жүргізілді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында орын тепкен ортағасырлық Күйіккескен қалашығында археологиялық зерттеулер жүргізілді.
Бұл шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Қалашықты зерттеу жұмыстарына отандық және шетелдік мамандар да тартылды. Олардың қатарында «Археологиялық экспертиза» ғылыми-зерттеу ұйымының директоры, ЮНЕСКО эксперті, ҚР дүниежүзлік ұлттық мұра комитетінің бас хатшысы Д.Воякин, аталмыш ғылыми-зерттеу ұйымының археологтары А.Долгушев пен М.Гурулев, Tandy институты ассоциациясының ғылыми қызметкері, PhD, тарихшы-археолог С. Гильберт бар. Жақында Қызылордада олардың қатысуымен семинар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл шараға музей мен ескерткіштерді қорғау мекемесі қызметкерлері қатысты.
Күйіккескен қалашығы оғыздар астанасы - Жанкент шаһарының маңында орыналасқан. Ара қашықтығы 15-20 шақырымды құрайды. Алғаш рет мұнда 1946 жылы ресейлік зерттеуші Сергей Толстов басқарған Хорезм экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген.