Елімізде 10,5 мың полицей жұмыстан қысқарады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру кезінде ішкі істер органы қызметкерлері 11 процентке немесе 10 592 адамға қысқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жалпылай алғанда, тоғыз негізгі бағыт қарастырылуда.
Атап айтқанда, ұйымдастыру-штаттық құрылымына оңтайландыру жүргізілді.
«Ішкі істер министрлігі мен оған қарасты ведомствалардың функцияларына талдау жүргізілді. Нәтижесінде 106 басы артық басқару жүйесіндегі адам және 1483 жетекші басшы орындары жойылды және ІІМ қызметкерлерінің 11 проценті қысқарды (-10,592)», - делінген құжатта.
Соның арқасында шамамен 16 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді.
Ал 100 мың тұрғыны бар елді-мекенге шаққанда полиция қызметкерлерінің саны 471-ден 393-ке дейін азайды. Бұл - орташа еуропалық деңгей (Бельгия - 412, Чехия - 383, Франция - 340).
Сондай-ақ, жол-патрульдік полиция құрамы да қайта ықшамдалып құрылды. Қазіргі уақытта қатардағы сержант дәрежесі кезең-кезеңімен офицерге өтуде.
Биыл 1 916 сержант офицерге өсті. (Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары ПД). Енді 2 445-і қалды.
Жол картасының екінші бағыты еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруді және қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды көздейді.
Осылайша, үнемделген және бюджеттен қосымша бөлінген қаражат 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қызметкерлердің жалақысының өсуіне бағытталды:
- патрульдік полиция - 65%;
- жедел-тергеу бөлімшелеріндегілер - 55%;
- учаскелік полиция қызметкерлері (ИДН) және оқытушылар - 25%;
- полиция және қылмыстық-атқару қызметі саласындағы басқа қызметкерлердікі 20% артты.
Сонымен қатар, тұрғын үйді жалдағаны (жалдағаны) үшін өтемақы алатын қызметкерлердің тізімі кеңейтілді. Жедел-тергеу бөлімшелерімен қатар бұл құқыққа учаскелік полиция қызметкерлеріне, ювеналды инспекторлары және патрульдік полиция қызметкерлері де ие.
Комментарии 1