ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС ИНСПЕКТОРЛАР ЖАСАҚТАРЫНЫҢ САЙЫСЫ ӨТТІ
Елімізде орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары және оның зардаптары бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы тұста, жасөспірімдер арасында орын алатын жол көлік оқиғаларын алдын алуда әр мектептерде құрылған жол қозғалысының жас инспекторлары жасақтарының рөлі зор.
Осыған орай, ағымдағы жылдың ақпан айында көлік ағымының легі көп жүретін қала орталығында орналасқан №140 мектептің 6 және 7-сынып оқушылары арасында жол қозғалысының жас инспекторлары байқауы өтті. 10 кезеңнен тұратын бұл байқауда оқушылар өз деңгейлерінде білімдерін көрсетіп, бақ сынасты. «Үгіт бригадасы» сайысында жарысқа қатысушылар жол қозғалысы бағытында жастар арасындағы проблемалық мәселелерді кеңінен қозғап өтті. Осындай сындардан сүрінбей өткен сайыскерлер жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылып, түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Өткен 2014 жылғы Республикалық сайыста облысымыздың атынан шыққан жасақ жүлделі ІІ орынға ие болуы басқа да оқушыларды жігерлендіріп, биылғы сайыста да алдағы орындарда көрінеміз деген үміттері бар.
Айта кетерлік жайт, 2015 жылдың 1 айында облысымызда жасөспірімдердің қатысуымен 7 жол-көлік оқиғасы орын алса, онда 3 бала қайтыс болып, 4 бала түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі