ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНЕ КЕЛГЕН ӨТІНІШТЕР МҰРАҒАТТАН ЖОҒАЛҒАНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорданың жер қатынастары бөлімінің басшысы Мырзахмет Дүйсебаевқа сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылық жасағаны үшін жаза қолданылды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.
Жемқорлыққа қарсы ведомствоның мәліметінше, 2015 жылдың 17 ақпанында Қызылорда облысы тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда Қызылорда жер қатынастары бөлімінің басшысы Мырзахмет Дүйсебаевтың жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзғандығына байланысты тәртіптік жауапкершілігі қаралды.
"Қызылорда қалалық жер қатынастары бөліміне келіп түскен өтініштердің қарау мерзімдері бұзылып отырған, яғни өтініштер белгісіз себептермен ұзақ уақытқа созылып орындалған немесе бөлім мұрағатында жоғалып отырған. Ал кейбір өтініштер, керісінше, қысқа мерзімде ұсыныстары мен құжаттары кідіріссіз дайындалып, бекітуге ұсынылған", - дейді департамент мамандары.
Тәртіптік кеңес шенеунікке сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылық жасауына байланысты "қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түрiнде тәртiптiк жаза қолдануға шешім қабылдады. Айта кетейік, Мырзахмет Дүйсебаев 2009 жылы да дәл осындай заңбұзушылығы үшін түрлі жауапкершілікке тартылған.