Жерге жақындап қалған ірі астероидтан қалай сақтанамыз?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) Жерге астероидтің жақындағандығын ескертті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Аспан денесінің диаметрі 440 метр мен 990 метр аралығында болуы мүмкін.
Жер кеңістігі маңындағы обьектілерді зерттеу орталығы хабарлауынша, 162082 (1998 HL1) деп аталатын аспан денесі 25 қазан күні Жерге жақындайды. Ол сағатына 11,2 км жылдамдықпен шамамен 6,2 млн шақырымдай қашықтықта ұшып өтеді.
Айта кетер болсақ, 162082 (1998 HL1) астероиды 1998 жылғы сәуірде табылған. Ғалымдар қазіргі уақытта Жерге қауіп төндіруі мүмкін ірі астероидтердің 93 пайызын анықтаған.