Шиелі ауданындағы электр желілерінен ақау шықты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Кеше Шиелі ауданында сағат 7:00-де қуаты 220 мың вольт электр желілерінің жұмысындағы «Шиелі» 220/35/10 кВ қосалқы станциясында Т-3 қуатты автотрансформаторын ең жоғары тоқ қорғанысы кезіндегі өшірумен технологиялық бұзушылықтар орын алды.
Шиелі ауданының цемент зауытының осы трансформатордан қоректенетін жалғыз тұтынушыға электр энергиясын толық жібермеу 15325 кВт*сағатты құрады.
ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің хабарлауынша, осы департамент өкілінің қатысуымен технологиялық бұзушылықтардың туындау себептерін тексеру және осындай жағдайларға жол бермеу жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды әзірлеу үшін комиссия тағайындалған.